Әлемде 193 млн адам азық-түлікке мұқтаж
Әлемде 190 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығын өткір сезініп отыр.
Алматы, NEGE. Бұл туралы халықаралық қауымдастыққа қарасты Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының есебінде айтылды. Тамаққа мұқтаж адамдар қатары былтырғыға қарағанда 40 миллионға өскен. Аталаған зерттеу бойынша, азық-түлік тапшылығына коронавирус, табиғи апаттар, әртүрлі қақтығыстар мен экономиканың әлсіреуі түрткі болған.