21 сентября 2024 г. 10:45

Әлемде «Covid-тің» әлдеқайда қауіпті түрі «XEC» белең алуда

Фото: pixabay.com

Ғалымдардың айтуынша, жаңа вирус «COVID-19» сияқты өлімге әкелуі екіталай, бірақ 2 есе жұқпалы болуы мүмкін

Алматы, NEGE. Бұл ауру түрі алғаш рет 2024 жылы Германияда анықталды.

Сарапшылардың пікірінше, XEC штамының алдын алмаса, дүниежүзі халықтары үшін - қаупі өте жоғары.

Лондон университетінің колледжінің генетика институтының директоры, профессор Франсуа Баллу: «вакциналар әлі де зерттелуін тоқтатпай, жаңалары қиын аурудан қорғауды қамтамасыз етуі керек», дейді. 

XEC штамының белгілері ковидтің бұрынғы нұсқаларынан айтарлықтай ерекшеленбейді. Науқастарда шаршау, бас ауруы, тамақ ауруы және жоғары температура болуы мүмкін.