Әлемде әрбір сегізінші адам семіздікке шалдыққан

Семіздікке шалдыққан адамдар саны алғаш рет бір миллиардтық межеден асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі әрбір сегізінші тұрғынның осындай қиындыққа тап болғанын хабарлады,деп жазды 24.kz.

blogs.telegraph.co.uk

Алматы, NEGE. Оған аз қозғалу және дұрыс тамақтанбау себеп дейді мамандар. Әсіресе кейінгі 30 жылда мәселе қатты ушығып кеткен. Бұл уақыт ішінде артық салмағы бар жасөспірімдер саны 4 есе артқан.

Әлемде семіздікке шалдыққан тұрғындар әсіресе Тынық мұхиты аумағындағы елдерде, аралдық мемлекеттер, АҚШ пен Ұлыбританияда көп. Үндістан мен Қытайда ондай адамдардың үлесі аз. Дегенмен, бұл елдерде кейінгі уақытта көрсеткіштер артып бара жатқаны алаңдатады дейді мамандар.


Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды