Әлем елдері Ливанға көмек жібереді

Франция президенті Эммануэль Макрон Ливанға көмектесу жұмыстарын үйлестіру бойынша «донор елдер» жиынын өткізді.

Алматы, NEGE. Ол онлайн форматта өтті. Жиын барысында Макрон жойқын жарылыстан зардап шеккен Ливан халқына қол ұшын созу керегін алға тартты. Франция басшысының айтуынша, бұл іс Ливан мен оның халқын қолдаудағы бірліктің бірегей үлгісі болуы тиіс. Айта кетейік, тамыздың төртінде Бейрутте жойқын жарылыс болып, 158 адам қаза тапты. 5 мыңнан астам азамат зардап шекті. 

Франция президенті Эммануэль Макрон: "Жиынға 15 ел қатысып отыр. Түркия және Ресей елдерімен байланыстық. Түрік елі конференцияға қатыса алмағанымен, Ливанға қол ұшын созбақ. Ресейдің де көмектесетініне сенімдімін. Бұдан бөлек, Израиль де көмек көрсетуге ниет білдіріп отыр", - деді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының орындалуымен құттықтады

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді