Әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды

Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Қатардағы әлем чемпионатының ең үздік голының авторы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алматы, NEGE. Тоттенхэм форвардының бірінші турда Сербия (2:0) қақпасына соққан голы жанкүйерлердің дауыс беруі бойынша үздік деп танылды.

Үздік голға таласқан ойыншылар арасында:  

Сәлем Әл-Даусари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланды), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея), Неймар (Бразилия) болды.