Әлем чемпионатындағы жеңіліске ашуланған француз жанкүйерлері бүлік шығарды

Өз құрамасының финалдық ойында Аргентина құрамасынан жеңілгеніне ашуланған француз жанкүйерлері бүлік шығарды.

Алматы, NEGE. Полиция көзден жас ағызатын газ бен таяқтарды қолдануға мәжбүр болды.

Франция-Аргентина матчы күні бүкіл Франция бойынша 14 мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілікте болды.

Елдің ірі қалалары – Париж, Лион және Ниццада тәртіпсіздіктер болды.

Жанкүйерлер полицияға тас пен бөтелке лақтырған. Парижде ондаған адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті