Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін, 12 мамырда қазақстандық Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Әлем чемпионаты Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатыр.

Жарыста қазақстандық Назым Қызайбай (50 келі) колумбиялық Ингрит Валенсияға есе жіберіп қойды.

Назым Қызайбай 1993 жылы 14 қыркүйекте дүниеге келген. Бұған дейін әлем чемпионатында 2014, 2016 жылдарда алтын медаль алса, 2012 жылы қола жүлдеге қол созды.

Енді күндізгі сессияда Дина Жоламан (54 келі) испаниялық Мария Мадуэньо Кондемен, Римма Волосенко (60 келі) англиялық Шона Уитуэллмен жекпе-жекке шығады.

Кешкі сессияда Дариға Шәкімова (66 келі) өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездеседі.

Әлем чемпионатына еліміздің атынан 12 боксшы барды. Олардың қатарынан Аида Әбікеева (63 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды. Әлем чемпионаты 20 мамырда мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды