Әлем бойынша ауа райы құбылып тұр

Әлемде ауа райы құбылмалы болып тұр.

Алматы, NEGE. Жалпы әлемде ауа райы құбылып тұр. АҚШ-тың солтүстігінде құйын соғып, 2 адам ажал құшты. Торнадо Германия тұрғындарын да әбігерге салды. Сондай-ақ Құрама Штаттардың батысында қар жауды. Ал Бразилияның солтүстік-батысында алапат су тасқыны болды. Германияның батысында 3 бірдей торнадо соғып, 1 адам мерт болды. Тағы 40-тан астам тұрғын жараланған. Дәрігерлер 10 кісінің жарақаты ауыр деп отыр. Ағаштар опырылып, ғимараттар мен көліктер қирады. Авто және темір жолдар жабылып қалды. Метеорологтар енді жаңбыр мен бұршақ жауады деп ескертті. Торнадо АҚШ-тың Мичиган штатында 2 кісінің өмірін қиды. Жарақат алғандар да бар. Бәрінен де Гейлорд қатты зардап шекті. Жүздеген үй жарықсыз қалды. Штат аумағында комменданттық сағат жарияланды. 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін