Әлем аруы-2019: Немен мақтанамыз? (видео)
14 желтоқсанда Лондонда «Әлем аруы-2019» байқауы өтеді. Бұл байқауда Қазақстанның ең сұлу қызы Мәдина Батық бағын сынайды.
Алматы, NEGE. Байқаудың басталуына көп қалған жоқ. Ару қызымыз соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Жуырда еліміздің әдемі жерлерін көрсететін бейнежазба жарияланды. Бұл бейнежазбаны Ұлыбританияда өтетін әлемдік конкурста көрсетеді. Түсіруші топ екі аптада 10 мың шақырым жол жүріп, Қазақстанның сұлу табиғатын таспалапты.
«Қазақстанда әлемнің барлық кереметтері бар. Жер бетіндегі өзге кереметтерге тамсанбас бұрын, өз жауһарларымызды ұлықтауымыз керек. Елімнің атын шығаруға мүмкіндік алғандықтан, өзімді бақытты санаймын», – дейді Мәдина Батық.