«Әлем аруы-2019» байқауының жеңімпазы анықталды

«Miss Universe» халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Сұлулық сайысының қортындысы бойынша  Оңтүстік Африка Республикасының намысын қорғаған Зозибини Тунци жеңіске жетті.

Алматы, NEGE. Марапаттау салтанаты АҚШ-тың Джорджия штатындағы Атланта қаласында өтті. Кезекті байқауда Зозибини Тунциге тәжді өткен жылы жеңімпаз атанған филиппиндік Катриона Грэй кигізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл жаңа тәж жасалған. Айта кетейік, 26 жастағы Зозибини Оңтүстік Африка елінің намысын қорғап, жеңіске жеткен байқау тарихындағы үшінші қара нәсілді әйел. «Miss Universe» атанған ару ОАР-дағы Тсоло деп аталатын қалашықта туған. Cape Peninsula University of Technology оқу ордасында білім алып, технология саласы бойынша бакалаврды тәмамдаған. Дипломын алған соң Кейптаундағы Ogilvy компаниясында тәжірибеден өткен.

Оңтүстік африкалық сұлудың Instagram парақшасында осы уақытқа дейін 500 мыңнан аса оқырманы болған. Жеңімпаз деп жариялағаннан кейін желідегі парақшасында оқырмандар саны екі есеге өсті.  

 

Сайыстың топ-5 финалистері қатарына Мексика, Пуэрто-Рико, Таиланд және Колумбия сынды елдердің арулары кірді. Бұл жылы байқауда 90 елдің сұлулары бақ сынады.  Екінші орынды Пуэрто-Рико елінен шыққан 24 жастағы Мэдисон Андерсон иеленсе, Мексиканың намысын қорғаған 25 жастағы София Арагон үшінші орынға табан тірепті. Еліміздің атынан Альфия Ерсайын байқауға түскен болатын. Алфия 2017 жылы «Қазақстан аруы» атанған.

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі