Әлем рекордын жаңартты: қазақстандық спортшы екі алтын медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екі алтын медаль түсті.

Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. Әйелдер арасында 3 позицияда 50 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жекелей сында София Шульженко жеңімпаз атанды, деп сүйіншіледі Туризм және спорт министрлігі.

Ол үздік 8 мерген іріктелген финалда 358,2 ұпай жинап, рекорд жаңартты. Осылайша жерлесіміз осы жаттығуда ересектер және жасөспірімдер санатында әлем және Азия рекордтарының иесі атанды.

Ал күміс пен қола медальдар Үндістан спортшыларына бұйырды.

«Ұлттық құрама спортшылары – София Шульженко, Арина Малиновская мен Елизавета Безрукова ақтық сында өнер көрсетіп, жалпы есепте 1-орын алды. Биылғы құрлық додасында әйелдер командасы толық басымдық көрсетті. Олардың жалпы көрсеткіші – 1760 балл», – делінген министрлік хабарламасында.

Бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтіп жатыр.Қазақстан құрамасы сапында барлығы 47 мерген аттанды. Қазақстан ересектер құрамасының бас бапкері – Ольга Довгун. 

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр