Әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшыға сыйақы берілді

  Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы жариялады.

wallon.ru

Алматы, NEGE. Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға дейін жеткен қазақстандық 4 боксшыға ақшалай сыйақы табысталды.

Жаһандық додада сайысқа түскен Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Кизатова (66 келі) және Надежда Рябец (75 келі) осындай марапатқа ие болды. Сыйақының көлемі – 10 мың доллар.

Жарыс ережесіне сәйкес, әлем чемпионы болған былғары қолғап шеберлеріне – 100 мың, екінші орынға – 50 мың, үшінші орынға – 25 мың доллар беріледі.

Бүгін, 16 наурызда қазақстандық боксшылар арасынан финалда Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?