Марғұлан Сейсембаевқа тиесілі «Алель Агро» құс фабрикасында өрт шықты: Бір адам қаза тапты

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевқа тиесілі «Алель Агро» құс фабрикасында өрт шықты. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Алматы облысының ТЖД мәліметінше, 28 шілде күні М.Түймебаев ауылында құс етінен тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорынның асханасынан өрт шыққан. Оқиға орнына дереу қалалық және облыстық ТЖД құтқарушылары жұмылдырылған.

– Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жалынның үлкен аумаққа таралғаны анықталды. Барлау жұмыстары барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы ер адамның мәйітін тапты, – деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт шамамен 450 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша Алматы облысы ТЖД тергеу бөлімі ҚР ҚК 292-бабының 2-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады