Алексей Цой ЮНИСЕФ өкілімен кездесті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ЮНИСЕФ-тің Қазақстан Республикасындағы өкілі Артур ван Дизенмен кездесті.

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау министрі БҰҰ Балалар қорына ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған ұзақ мерзімді серпінді ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асырғаны үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында А.Цой мен Артур ван Дизен Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі ынтымақтастықтың қорытындысын талқылады.

Министр жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және бүлдіршіндерге үйде патронаждық бақылау ұйымдастыруда әмбебап-прогрессивті тәсіл енгізу, жасөспірімдер арасындағы суицидінің алдын алу, мектеп медицинасы бойынша стандарттарды әзірлеу, АИТВ инфекциясы кезінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ бала өлімі, ата-аналар мен медицина қызметкерлерін вакцинациялау, мектептердегі санитария мен гигиена мәселесі бойынша бірлескен зерттеулер де сөз болды.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»