Алексей Навальныйдың денсаулығы қалай?

Владимир облысы бойынша РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы ИК-2-де қамауда отырған ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың денсаулығы қанағаттанарлық деп хабарлады. Оған тексеру нәтижелері дәлел.

Алматы, NEGE. 24 наурызда Владимир облысындағы түзеу мекемесіндегі сотталғандар өтініші бойынша медициналық тексеріс жүргізілген.

«24 наурызда түзету мекемесінде медициналық тексеріс жүргізілді. Оның ішінде сотталушы Алексей Навальный да тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша оның денсаулық жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық деп бағаланды», – делінген РФ Федерал қылмыстық-атқару қызметі басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Владимир облысының омбудсмені де Навальныйдан ешқандай шағым түспегенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр

«Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілді

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды