Александр Бубликтің Торонто мастерс турниріндегі қарсыласы белгілі болды

Александр Бубликтің қарсыласы кім?

Алматы, NEGE. Канаданың Торонто қаласында 7-13 тамыз аралығында ерлер арасында мастерс турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған Польша өкілі Хуберт Хуркачпен шеберлік байқасады.

Торонто мастерс жарысында әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас бастаған маңдайалды теннисшілер қатысып, бақ сынайды.

Доданың жүлде қоры 6,6 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

А.Бублик осыған дейін Вашингтон ATP 500 турнирінде франциялық Гаэль Монфиске жол берген еді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр