Александр Бубликтің қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды.

Алматы,  NEGE. А.Бублик алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік 236-орында тұрған швейцариялық, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы Станислас Вавринкамен шеберлік байқасады.

Өткен жылы осы ірі жарыста қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде-ақ сүрінген болатын.

Биыл Монте-Карло додасы 10-17 сәуір аралығында өтеді. Онда әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович бастаған маңдайалды теннисшілер өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды