Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші екінші кездесуін әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен өткізді. Осыған дейін қарсыластар бір-ақ рет жолдары тоқайласып, онда сербиялық спортшы басым түскен еді. Бұл жолы қазақстандық теннисші 7:6 (9:7), 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екі сағат 4 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Лайович 2 эйспен шектеліп, бір рет те брейк жасай алмады. Александр үшінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафомен шеберлік байқасады. Қазақстандық спортшы жуырда Истбурн жарысында Тиафоны 5:7, 7:6 (7:4), 6:0 есебімен ұтқан болатын. Өткен жылы Александр Уимблдонда үшінші айналымға дейін жеткен еді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды