Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирін жеңіспен бастады.

Алматы, NEGE. Үлкен дулыға» жарысы - Ұлыбритания ашық чемпионатының алғашқы айналымында қазақстандық теннисші әлемнің 59-ракеткасы, мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасты. А.Бублик 6:1, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық спортшы 16 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдалана білді. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 64-ракеткасы, сербиялық Душан Лайовичпен күш сынасады. Бүгін сондай-ақ Михаил Кукушкин кортқа шығады. Оның қарсыласы - америкалық Дженсон Бруксби. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды