Александр Бублик Париж мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик Париж мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, Чили өкілі Николас Харримен шеберлік байқасты.

Александр Бублик қос тай-брейкте 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен басым түсті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық спортшы 10 эйс жасағанымен, 6 брейк-пойнтты өз пайдасына шеше алған жоқ. Есесіне тай-брейкте сәтті ойнады. Чилилік теннисші 6 эйспен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Бірінші айналымда А.Бублик әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Фрэнсис Тиафоны жолдан тайдырған еді. 

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингте 17-орындағы болгариялық Григор Димитровтың біреуімен таласады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады