Александр Бублик Paris Masters турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Париж ATP 1000 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған швециялық Микаэль Имермен кездесті.

Бублик матчты брейкпен бастағанымен, одан кейін қатарынан алты геймді қарсыласына беріп қойды – 1:6. Тартысты өрбіген екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте көздегенін түсіріп, ширақтық танытты – 7:6 (7:2). Үшінші, шешуші партияда Александр 6:4 есенбімен жол берді.

 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды