Александр Бублик Германиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жартылай финалына шықты.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, италиялық, 21 жастағы Янник Синнермен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара төрт кездесіп, соның бәрінде италиялық спортшы жеңіске жеткен еді.

Жуырда Нидерландтағы Хертогенбос жарысында Я.Синнер А.Бубликті 6:4, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте 2:0 есебімен Бублик жеңіп жатқан кезде Синнер матчты жалғастырудан бас тартты.

Бар-жоғы 52 минутқа созылған бәсекеде Бублик 6 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты пайдаланып үлгерді. Синнер 2 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, германиялық Александр Зверев немесе рейтингте 28-орындағы чилилік Николас Харридің біреуімен таласады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр