Александр Бублик АҚШ-тағы турнирге қатыспайтын болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Атланта қаласындағы Atlanta Open турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. 20 шілдеде спортшының күтпеген жерден турнирден бас тартқаны белгілі болды. Себебі белгісіз. Atlanta Open 22-30 шілде аралығында өтеді.

Еске салайық, Александр Бубликтің кейінгі турнирі Уимблдон болды, ол мұнда 1/8 финалға дейін жеткен еді. Қазақстандық теннисшіні жарыс жолынан ресейлік Андрей Рублев шығарды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр