6 мая 2025 г. 17:17

Александр Шевченко Италия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті

A view of the sea
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Римде өтіп жатқан Италия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті.

Алматы, NEGE. Шевченко венгриялық Мартон Фучовичті екі сетте де ұтты. Ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, іріктеу кезеңінің барысында Шевченко аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті де 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Шевченконың «Мастерс» турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы кейінірек анықталады.