Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  марқұм кәсіпкердің жұбайы мен қыздары – Алла, Анна және Лариса Машкевичтерді «Еуразия» сақтандыру компаниясының және «Еуразиялық банктің» ірі жанама қатысушылары деп таныды.

metalmininginfo.kz

Астана, NEGE. Агенттік мәліметінше, тиісті қаулы 30 наурызда қабылданды.

«2026 жылғы 30 наурыздағы Агенттік басқармасының №20 қаулысымен Алла Александровна Машкевичке, №21 қаулысымен Анна Александровна Машкевичке, №22 қаулысымен Лариса Васильевна Машкевичке "Еуразиялық банк" акционерлік қоғамының ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берілді», – делінген ресми хабарламада.

«Еуразия» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты да осындай қаулылар шығарылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген