Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Беларусь басшысының баспасөз қызметі.

Ақорда

Жеделхатта Лукашенко Тоқаевтың білікті басшылығының арқасында Қазақстанда тұрақты экономикалық өсім мен саяси жаңғыру жүріп жатқанын атап өтті:

«Бүгінгі таңда сіздің білікті басшылығыңыздың арқасында дос мемлекет — Қазақстан тұрақты экономикалық өсім мен саяси жүйені кешенді жаңғырту бағытындағы жұмысты жемісті атқарып жатыр. Одан бөлек, жаһандық күн тәртібіндегі мәселелерде Астананың үлесі артып келе жатқанын көріп отырмыз», — делінген құттықтауда.

Сонымен қатар, Минск ресми түрде екі ел арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген тату қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және бұл байланысты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.

«Қазақстан мен Беларусьтің көпформатты қарым-қатынасына тән өзара сенім мен теңдік қағидаты екіжақты әріптестік іргетасын бұдан да берік қыла түседі деп сенемін», — деді Лукашенко.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин де Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен