Александр Бублик Швейцариядағы турнирдің финалына шықты

Жартылай финалда француз спортшысы Артур Казомен күш сынасты. 

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде №34) Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы топырақ жамылғыдағы турнирдің финалына жолдама алды. 

Жартылай финалда Бублик француз спортшысы Артур Казоны сенімді түрде жеңді. Кездесу 6:1, 7:5 есебімен аяқталды.

Бұл финал — Александр Бублик үшін кәсіби мансабындағы келесі ATP титулын жеңіп алу мүмкіндігі. Финалдағы қарсыласы екінші жартылай финал нәтижесінде анықталады.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады