Александр Бублик Галледегі турнирдің жеңімпазы атанды

Неміс жеріндегі Галле қаласы тағы да қазақстандық теннисші Александр Бублик үшін сәтті орынға айналды. Ол ATP 500 санатындағы беделді Terra Wortmann Open турнирінде топ жарып, осы жарыстың екі дүркін чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясы хабарлады.

ҰОК

АЛМАТЫ, NEGE. Финалда Бублик ресейлік қарсыласы Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіп шықты. Екі ойыншы арасындағы кездесу өте тартысты өтіп, жанкүйерлердің назарын өзіне аударды. Бұл жеңіс — Бубликтің биылғы маусымдағы алғашқы табысы және жалпы мансабындағы бесінші ATP титулы.

Бұған дейін ол мына турнирлерде жеңімпаз атанған:

ATP 250 Монпелье (2022)

ATP 500 Галле (2023)

ATP 250 Антверпен (2023)

ATP 250 Монпелье (2024)

Айта кету керек, дәл осы Галле қаласында Бублик 2023 жылы да финалда ресейлік Андрей Рублёвті жеңіп, чемпион атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?