Александр Бублик АТР 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті

Александр Бублик Мадрид (Испания) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті.

Olympic

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, 21 жастағы америкалық Бен Шелтонмен шеберлік таластырды.

Бірінші партияда Шелтон 2:0 есебімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:3. Әлдеқайда тартысты өрбіген екінші сет тай-брейкке ұласып, онда Бублик бет қаратпады — 7:6 (7:2).

Үшінші, шешуші партияда есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бублик 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 26-орындағы тағы бір америкалық Себастьян Корданың қай жеңгенімен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді