Александр Бублик әлемнің бесінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде (Франция) өтіп жатқан 'Ролан Гаррос' додасының 1/8 финалында жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің бесінші ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперді жеңді.

Ойын төрт сетке созылды. Қазақстандық спортшы қарсыласынан 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.