Алдымызда төрт күн демалыс тұр

Осы аптада 7, 8, 9 және 10 мамыр - демалыс. Нәтижесінде тұрғындар қатарынан төрт күн демалады.

Алматы, NEGE. Демалыс бейсенбіден жексенбіге дейін созылады. Бұл күндері Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні атап өтіледі. 

Елімізде 8 мамыр - жұмыс күні. Бірақ биыл мерекелік 9 мамыр сенбіге түсіп тұр. Сондықтан демалыс күні 8 мамырға ауыстырылды. 

Қазақстанда жалпы алғанда мамырда 13 демалыс күні бар. 

Айта кетейік, 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталуы мүмкін.