«Алдымен зорлап, кейін өлтірген» – Жетісу облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Жетісу облысында ауылда 14 шілдеде хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі бірнеше күннен кейін зорлық-зомбылық белгісімен табылды.

Shutterstock

Алматы, NEGE. 20 жастағы қыз 14 шілде жоғалып кеткен. Оның денесі қараусыз қалған үйде зорлық-зомбылық белгісімен табылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол алдымен зорланған. Содан кейін өлтірілген. Полиция осы іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

«Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге деректер жарияланбайды», – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Іс аймақтық полиция басшылығының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды