25 ноября 2023 г. 15:50

Алдағы жылы Қостанай облысында құрастырылатын KIA көліктері сатылымға шығады

Фото:
Өңірде осы айда ірі зауыттың құрылысы басталды. Жылына 70 мың көлік құрастыру жоспарда бар. Мұны облыс әкімі айтты

, деп хабарлады 24.kz.

Алматы, NEGE.  Шенеуніктің Қостанай облысына әкім болып барғанына желтоқсанның 1-інде бір жыл толады. Атқарған жұмысына есеп беру үшін Ақсақалов Астанаға келді. «Облыстың макроэкономикалық көрсеткіші жақсы», - деді аймақ басшысы.

«Жыл басынан бері 75,0 мың автомобиль жиналды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, біздің алдымызда елдің берік өнеркәсібін құру міндеті тұр. Сондықтан өңдеу секторының жедел дамуына басты назар аударылады. Өңірде машина жасау қарқын алған. Мәселен, осы айда «KIA-ның» жаңа зауытының құрылысы басталды. Инвестиция көлемі – 90,0 млрд теңге»,- дейді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Тегтер: