Алдағы үш тәулікте ауа райы қалай болады?
Қазгидромет алдағы үш тәуліктегі күн райына болжам жасады.
Алматы, NEGE. «Кезекті Солтүстік-Батыс циклоны елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Батыс антициклонының басып кіруімен және оның шығыс бағытқа ығысуына қарай ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады» делінген хабарламада.