Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда жаңбыр және бұршақ жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райыға оңтүстік циклон әсер ететін болады. Соның ықпалымен жаңбыр және бұршақ жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, жел күшейеді. 7 шілдеде республиканың солтүстік-батысында, 7-8 шілдеде солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында, 8-9 шілдеде шығысында нөсер жаңбыр жауады деп болжануда», - делінген 7-9 шілдеге арналған ауа райы болжамында.

Синоптиктер атап өткендей, «Қазақстанның батысы ғана батыс антициклонның ықпалында болады, соған сәйкес жауын-шашынсыз өтеді».