Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды 'Қазгидромет'РМК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Батыс циклонының екпінімен және атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады», - делінген 12-14 мамырдағы ауа райы болжамында.

«Елімізде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», – деп толықтырды синоптиктер.