Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
'Қазгидромет' РМК 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, сондай-ақ жаңбыр түрінде жауын-шашын және көктайғақ болуы мүмкін.
"21 қыркүйекте оңтүстікте, 21-23 қыркүйекте шығыста, 21-22 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз. Республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстікте, солтүстік-батыста және республиканың орталығында түнде ауа температурасы 1 градусқа дейін түседі", – деп жазылған хабарламада.