Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

'Қазгидромет' синоптиктерінің болжамынша, 19-21 қаңтарда Қазақстанда күн ашық болады.

Алматы, NEGE. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады.

Температуралық фон өзгермейді. Түнде және таңертең аяз сақталады, бірақ күндіз күн біраз жылынады.