Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет Қазақстандағы 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Екатеринбург аймағынан шыққан Циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақталады.

Сол себепті жаңбыр жауады: 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, сонымен қатар бұл аймақта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін. Содан кейін солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.