Алдағы үш күндегі ауа райы белгілі болды

Синоптиктер 20-22 қараша аралығындағы ауа райына болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. 20-21 қарашада> солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің шығыс бөлігіне әсер етеді, ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін. Сонымен қатар, елдің батыс бөлігіне ауа райының құыблмалы, өйткені кезекті Атлант мұхитынан келетін циклон ықпалында болады.

22 қарашада> Атлант циклоны еліміздің батысынан шығыс бөлігіне жылжып, елдің көп бөлігін қамтиды, осыған байланысты ауа райы құбылмалы болмақ, жауын-шашын, қар жауады, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстік бөлікте боран соғады.

Батыста ауа температурасының негізгі фоны түнде минус 2 5, күндіз 0-ден 10-ға дейін жылы болады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде минус 6-16-дан, 0 минус 9-ға дейін суық, күндіз 0-ден минус 9 градусқа дейін суық, республиканың шығысы мен орталығында түнде минус 18-28-ден 0 минус 10 градусқа дейін аяз болады, күндіз минус 5-15-ке дейін суық, оңтүстік өңірлерде минус 5-15-тен минус 5 не 3-ке дейін, күндіз 0-10-нан 5-15-ке дейін жылы болуы ықтимал.