Алдағы үш күндегі ауа райы белгілі болды

Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

 

Алматы, NEGE. «Атлант мұхитынан келген циклон мен атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, солтүстік өңірлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, сондай-ақ боран соғуы ықтимал», делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, 17-18 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын болуы ықтимал.

18 қарашада солтүстік-батыстың суық антициклоны келетіндіктен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды.

Ауа температурасы солтүстік-батыста түнде минус 12-ден 17-ге дейін, күндіз минус 7-ден 12-ге дейін, солтүстікте, орталықта түнде минус 13-тен 20-ға дейін аяз болады, күндіз минус 5-тен минус 15-ке дейін суық, шығыста түнде минус 6 градустан минус 18-ге дейін, күндіз минус 1-ден 10-ға дейін суық, оңтүстік өңірлерде түнде минус 5-тен 13-ке дейін суық, күндіз минус 5-тен плюс 5-ке дейін жылы.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды