Алдағы үш күнде жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі
Алдағы үш күнде
елімізде жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. «Алдағы күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. Белсенді фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, тұман, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жаңбырға байланысты ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі. Циклонның артынан Қара теңіз аудандарынан антициклон ығысып, жауын-шашынның бірте-бірте тоқтатылуын және ауа температурасының аздаған төмендеуін тудырады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.