Алдағы үш күнде нөсер жаңбыр жауады

Қазгидромет синоптиктері 2-4 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты.

Алматы, NEGE. Қазақстан аумағының басым бөлігін жаулаған Оңтүстік-Каспий циклоны солтүстік-шығысқа қарай ығысады. Бұл циклонның атмосфералық фронттары найзағай, екпінді жел мен жаңбыр әкеледі.

Жеке аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы ықтимал. Температуралық фон түнде 8…18 дейін, күндіз 18…28 градусқа дейін төмендейді.

Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтар жоғарғы қысым аясында болады. Мұнда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Температура түнде 13…22 дейін, күндіз 30…38 градусқа дейін жоғарылайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – Энергетика министрлігі

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді