Алдағы үш күнде күн суытады
Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған суық солтүстік-батыс антициклоны шығыс бағытқа ауысып, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік аудандарында жердің беткі қабатында үсік пайда болуы мүмкін.
Алматы, NEGE. "Еліміздің батыс өңірлерін, сондай-ақ оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда, республиканың басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, мұнда атмосфералық фронттардың ықпалымен 2-3 қыркүйекте қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының күндіз 25-30-ға дейін, республиканың оңтүстік жартысында 37 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі. Тек еліміздің батысында жылу 17-25 градусқа дейін жылиды деп күтілуде", – делінген хабарламада.