Алдағы үш күнде қар, бұршақ жауады

Алдағы үш күнде Қазақстанның кей жерлерінде қар жауады, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.


Нұр-Сұлтан, NEGE «Қазақстан аумағының үстінде біріккен Жерорта және Солтүстік-Батыс циклондары елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын тудырады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын байқалады. 29 наурызға жақын ауа температурасы төмендейді деп күтілуде», - делінген жұма күні таратылған 27-29 наурызға арналған ауа райы болжамында.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі