Алдағы үш күнде ауа райы жылынады

Синоптиктер 4-6 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жасады.

Алматы, NEGE.  Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген облыстарда қайтадан жауын-шашын, жылбысқы қар жауады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Күшті екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. Жылы ауа массаларынан оңтүстік пен батыста ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.

Ал алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура минус 5 - плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С болады. Қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті