Алдағы уақытта күн жылиды

Қазгидромет 2020 жылғы 10-13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ететін болады. Олар солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жаңбыр тудырады. Алдағы тәулікте батыста екпінді желмен, дауылды жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.

Республиканың қалған аумағындағы ауа райын антициклон анықтайды, салыстырмалы түрде ауа райы жылы болады.