Алдағы уақытта күн күрт жылынады
"Қазгидромет" РМК 29-31 қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Алматы, NEGE. Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының көп бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалында болады. Ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады, тек шығыста жаңбыр жаууы күтіледі, сол секілді республикамыздың солтүстігінде, орталығы мен оңтүстік-шығысында да жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болады. Әсіресе, еліміздің шығысы және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасындатады, тұман, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлайды синоптиктер.
Ал ауа температурасы, керісінше, жоғарылайды, өйткені бүкіл республикамыздың территориясына Ираннан жылы ауа массасы ойысып келеді.