Алдағы күндері күн суып, қар түсуі мүмкін

23-25 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырдың арты қарға ұласады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік циклонның жырасы әсер етіп, арты қарға ұласатын жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жаңбыр, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, 23 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
«Содан кейін циклонның артынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді», - деді синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды