Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде 40 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет 17-19 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Елдің көп бөлігінде, солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен, әлі де найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады.

Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 17 25℃, күндіз 28 39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 6 21℃, күндіз термометрлер 20 36℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 7 20℃, күндіз 23 35℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура 12 22°С, күндіз 29 40°С болады.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?